Сапарбаев М.: AQSHA (Ақша)

ID товара: 2832833
ISBN
978-601-06-6202-5
Год издания
2020
Переплет
Твердый
Серия книги
без серии
Вес книги (кг)
0.275
Размер (Ш x В x Т)
215х150х15
Возрастное ограничение
16+
Издательский бренд
Курсив
Магазины
TALAPAI.KZ
4 500 ₸
Доставка: 14-го апреля
Описание

Күні кеше еліміздің кітап қоры, нақтырақ айтсақ, психологиялық, мотивациялық тақырыптағы туындылар тағы бір еңбекпен толықты. Кітаптың атауы – «AQSHA». Ал авторы – халықаралық деңгейдегі коуч-маманы, жеке даму бойынша тренер, журналист Мұхит Сапарбаев. «AQSHA» – Мұхит Сапарбаевтың алғашқы, яғни 2019 жылдың қорытындысы бойынша сатылымы ең жоғары кітаптардың тізіміне енген «BAQYT» бестселлерінің жалғасы.


«AQSHA» не жайлы? Кітаптан үзінді келтірсек, «Әмиянның «арық-семіздігі» – адамдардың ақшаға қатысты ойларының көрінісі. Әмияныңыз ақшаға толы ма, демек, ақшамен қарым-қатынасыңыз дұрыс. Аз ба, ақшамен қарым-қатынасыңыз дұрыс емес» деген жолдар бар. Былайша айтқанда, санаңызда ақша жоқ па, әмияныңызда да ақша жоқ.


Кейбір адамдар ойлайтындай, ақша, байлық арам дүние емес. Мұндай ойды кеңестік дәуір сіңдіріп кеткен миымызға. Мұндай принцип миымызда әлі жатыр. «AQSHA» – түпсанамызда сіресіп қатып қалған сол сенім, қағиданы бұзғысы келеді. Бұзып, оның орнына молшылыққа ұмтылатын «установкаларды» құюды мақсат тұтқан. Қазақ атамыз да «Түстік өмірің болса, күндік мал жи» деді емес пе. Қазір ақшаның қажеттілігі сумен, ауамен бірдей болып кетті. Сол себепті, қоғам көбірек ақша табуыңды талап етеді. Ондай болса, «AQSHA» нағыз дер кезінде жазылған кітап.


«AQSHA» кітабында жазылған дүниелер өте көп. Қарыз бен несиеден құтылу, ақша энергиясын тарту, кедейшілік пен жалқаулықты жеңу, молшылыққа кенеліп, ақшаны тиімді жұмсау және ақшаға қатысты барлық негативтен арылу, тағы да басқа көптеген пайдалы, нәтижелі техникалар берілген. Жалпы, «AQSHA»-ның іші толған «қазына». «AQSHA» – болашақ миллионердің кітабы.

Характеристики
Основные характеристики
ISBN
978-601-06-6202-5
Год издания
2020
Переплет
Твердый
Серия книги
без серии
Вес книги (кг)
0.275
Размер (Ш x В x Т)
215х150х15
Возрастное ограничение
16+
Издательский бренд
Курсив
Отзывы
нет отзывов
4 500 ₸
Доставка: 14-го апреля
Стоимость доставки: 0 ₸